Сәтті Пакеттер

Ойынға тіркеліңіз, пакеттерді қосыңыз, ең бастысы барлық сұрақтарға дұрыс және тез жауап беріңіз, сонда сіз міндетті түрде жеңімпаз боласыз!

Толығырақ білу үшін FAQs (жиі қойылытын сұрақтар)парақшасына өтіңіз.

Ойынға тіркелу арқылы қатыса аласыз. Пакетті қосу мен қатысудың бағасы: тәулігіне 69 тг.

"Сәтті Пакеттер" интерактивті ойынына күнделікті қатысуды жаңарту, күніне бір ойынға ғана рұқсат береді. Жазылым сәтті жаңартылған жағдайда бірінші сұрақ автоматты түрде келуі мүмкін немесе сіз ойынды бастап, ойынның бірінші сұрағын алу үшін өз бетіңізше күнде 2015 нөміріне СТАРТ сөзімен тегін SMS жібере аласыз.

Хабарламалардың келуін тоқтату немесе қатысудан бас тарту үшін, 2015 нөміріне ТОҚТА мәтінімен СМС жіберіңіз.

* Ай сайынғы жүлде әрбір айдың соңғы жексенбісінде, жексенбілік сыйлықтың орнына тағайындалады.

Ойынға қалай қатысуға болады?

Акцияға қатысу үшін 2015 нөміріне СТАРТ немесе START мәтінімен SMS-хабарламасын жіберіңіз.

Ойын жазылым негізінде қолжетімді,
жазылым бағасы тәулігіне 69 теңге.

Күн сайынғы ойынға қатысыңыз

Әрбір ойын 10 сұрақтан тұрады

Аз уақыт ішінде барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, барынша көп ұпай жинап жеңімпаз атаныңыз!

FAQ

Beeline ұсынған «Сәтті Пакеттер» интерактивті ойыны – бұл Beeline абоненттері үшін ірі ақшалай ұтыс ойналатын жаңа интерактивті ойын.

Ойынның сипаты қарапайым : қатысушы сұрақтарды алып, оларға жауап жіберу керек.Бір ойында барлығы 10 сұрақ. Әрбір дұрыс жауапқа ұпай тағайындалады.Аз уақыт ішінде ең көп ұпай жинаған қатысушы сол күннің жеңімпазы атанып, Beelinе компаниясынан ақшалай жүлдеге ие болады.

Сіз төменде көрсетілген ақшалай ұтыстарды жеңе аласыз:

  • 50 000 тг.:күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін ойнатылады;
  • 200 000 тг.: тек айлық жүлдені табыстаған жексенбіден басқа әр жексенбі сайын ойнатылады;
  • 1 000 000 тг.: айлық жүлде, айдың соңғы жексенбісінде ойнатылады.

Ойынға қатысу үшін тіркелу қажет.

Егер сіз Beeline абонементі болсаңыз, тіркелуден өту арқылы ойынның қатысушысы бола аласыз

Тіркеліп ойынды бастаудың бірнеше түрі бар, өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз:

  • 2015 қысқа нөміріне «ИӘ» мәтінді тегін СМС жіберу;
  • өзіңіздің ұялы телефоныңызда USSD-мәзірін қолданып *201# теру арқылы;

Сіз тіркелген соң ойынның қатысушысына айналып, құттықтау хабарламасын сонымен бірге ойынның бірінші сұрағын аласыз. Бір ойында 10 сұрақ болады.

Егер сіздің ойыныңыздың нәтижесі басқа қатысушылардың арасында үздік болса, тіпті бірінші ойынның өзі жүлделі болуы мүмкін.

Келесі күннен бастап ойынға қатысудың бағасы ҚҚС қосқанда (қосылған құн салығымен) 69 тг-ні құрайды. Пайдаланушы қатысуды күн сайын жаңарта отырып, 10 сұрақтан тұратын ойынға рұқсат алады.

Кез келген ыңғайлы уақытта ойынның бірінші сұрағын алу үшін, 2015 нөміріне жай ғана СТАРТ немесе START мәтінімен тегін хабарлама жіберіңіз.

Күнделікті қатысуды ұзарту күніне (10 сұрақтан тұратын) бір жаңа ойынға қатысуға кепілдік береді.

Егер көбірек ұпай жинау үшін, ұтыстың мүмкіндігін жоғарлату үшін және күндік жүлдені алу үшін қосымша сұрақтарға жауап бергіңіз келсе, сіз күніне шексіз қосымша сұрақтар ала аласыз.

Егер сіз СМС-тің көмегімен ойнасаңыз, онда 2114 нөміріне ОЙЫН немесе OIYN мәтінді СМС жіберіп, жаңа (қосымша) сұраққа жауап беріңіз

Әрбір қосымша сұрақтың құны – 200 тг.

Ойынға қатысудан бас тарту үшін, 2015 нөміріне ТОҚТА немесе TOQTA мәтінді тегін СМС жіберіңіз.

Күндік ойынның жауаптары Астана уақытымен 23:59:59 дейін саналады.

Біз ойынды күрделілігі әртүрлі сұрақтардан құрастырдық. Бұл сұрақтың категориясына байланысты, жауап ұсынылған нұсқалардан немесе еркін жауап түрінде болуы мүмкін. Бір ойында 10 сұрақ.

Алаңдамаңыз: әрбір сұрақта жауапты қай түрде жіберу керек екендігі туралы қысқа әрі нақты нұсқаулық бар.

Күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін ең үздік ойыншы 50 000 тг алады.

Әр жексенбі сайын (айлық жүлде ойнатылатын айдың соңғы жексенбісінен басқа) ең үздік ойыншы 200 000 тг. алады.

Әрбір айдың соңғы жексенбісінде ең үздік ойыншы жеңімпаз атанып, 1 000 000 тг. көлемінде жүлдеге ие болады.

Әрбір 10 сұраққа жауап бергеннен кейін, сіздің жауабыңыздың дұрыс немесе бұрыс болғаны туралы жазылған хабарлама аласыз. Егер жауап теріс болса, сіз бірден дұрыс жауапты білетін боласыз.

Күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін, ең үздік ойыншы 50 000 тг алады.

Әр жексенбі сайын (айлық жүлде ойнатылатын айдың соңғы жексенбісінен басқа) ең үздік ойыншы 200 000 тг. алады.

Әр жексенбі сайын (айлық жүлде ойнатылатын айдың соңғы жексенбісінен басқа) ең үздік ойыншы 200 000 тг. алады.

Айлық жүлде айдың соңғы жексенбісінде ойнатылады. Жақын арадағы ұтыс ойыдары төменде көрсетілген уақытта өткізіледі:

  • 2019 ж. 27 қаңтар - 1 000 000 теңге;
  • 2019 ж. 24 ақпан - 1 000 000 теңге.

Мобильді нөмірдің пайдаланушысы болып «Beeline» КАҚ-мен келісімге отырған тұлға SIM-картаның заңды иегері болып табылады.

Егер сіз берілген нөмірдің абонементі болып табылмасаңыз, жүлдені алуға құқығыңыз жоқ.

Ойынды барынша аз уақыт ішінде аяқтаған қатысушы жеңімпаз болып табылады.

Егер сіз аз уақыт ішінде барлық қатысушылар арасынан барынша көп ұпай жинап, жеңімпаз атансаңыз, сізбен Beeline қызметкері хабарласып, жүлдені алу туралы толық ақпарат береді.

Beeline өкілі жеңімпазбен хабарласқаннан кейін ғана анықталған жеңімпаздардың есімдері ашық түрде акцияның like.Beeline.kz веб-сайтында жарияланады.

Кестеде барлық қатысушылардың ұялы телефон нөмірлері, бір күндік ойынның ең үздік нәтижесі және сұрақтарға жуап берген уақыты туралы жеке мәліметтері болғандықтан турнирлік кестені ашық түрде қарау жағдайы қарастырылмаған. Сондықтан турнирлік кесетеде нешінші орында тұрғаныңызды қарай алмайсыз.

Алайда, сіз 2015 қысқа нөміріне ҰПАЙЛАР немесе UPAILAR мәтінді тегін хабарлама жіберу арқылы өзіңіздің бір күндік нәтижеңізді біле аласыз.

Жүлдені алған физикалық тұлға ұтыс соммасынан 10% ставка бойынша салық төлейді. Салық агенті болып табылатын ұйымдастырушы көрсетілген сомманы ұстап, жеңімпаздың атынан салықты өз бетінше төлеуі тиіс.

Beeline жеңімпаздардың жүлделерін алу рәсімін жеңілдетіп,барлық қажетті салық тәртіптерін өз мойнына алады. Дәл осы себептен, сіз салықты төлеуге арналған сомманы қолыңызға ала алмайсыз.

Жеңімпаз Ұйымдастырушыға барлық құжаттарын ұсынған күннен бастап 60 күн ішінде жүлдесін алады.

Әрбір ойынның нәтижесі бойынша турнирлік кесте құрастырылады. 2,3 орын алған қатысушылар қосымша жеңімпаздарға айналады.

Егер жеңімпаз қатысудың ережесін бұзса, қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе жүлдеден бас тартса, жүлде алу құқықығы қосымша жеңімпазға өтеді.